VI Халықаралық жас музыканттар академиялық байқауы "Zarina Altynbayeva Youth Music Competition"
Жас музыканттарға арналған тұңғыш жалпытүркілік академиялық музыка байқауының ресми сайтына қош келдіңіздер! Түркі дүниесінің жас дарындарын бір арнаға тоғыстыратын бұл мәртебелі өнер додасы 2026 жылы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен өткізіледі. Байқауға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінің талантты жас музыканттары қатысады. Байқаудың негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, опера өнерінің көрнекті өкілі — Зарина Алтынбаева.
І кезең (бейнежазбалар бойынша іріктеу): 1–25 қыркүйек 2026 жыл ІІ кезең (финалдық тыңдаулар): 29 қазан – 3 қараша 2026 жыл